Алидада компаниясы Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас орнатуда. Университет студенттері өндірістік, диплом алды практикаларын компания қабырғасында өте алады. Сонымен қатар компания қызметкерлері оқу бағдарламасы аясында студенттерге профессионалды және жеке даму бойынша мастер-класстар өткізіп, өндірістегі алдыңғы қатарлы тәжірибелерімен бөлісіп келеді. Қазіргі таңда университет оқу бағдарламаларын жасау барысында міндетті түрде өндірістен кері байланыс алып, еңбек нарығының талаптарына сай мамандарды даярлауда. Жақында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың картография және геоинформатика кафедрасы Халықаралық ASIIN аккредитациясын өтуі барысында жұмыс берушілер қатарында біздің компанияны шетелдік сарапшылармен сұхбат бөлігіне шақырды. Бұл да өндіріс пен ғылымның тығыз қарым-қатынас жасауының бір көрінісі. @gkkaznu #КазНУ#ФакультетГеографииИПриродопользования

ВСЕ НОВОСТИ